Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Олимпиада комитеті 2026 жылғы ойындарды өткізуден бас тартты

Қазақстан 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуді қарастырады.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш беру ойынан бас тартты, деп хабарлайды BNews.kz.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті ретінде еліміз 2026 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болмайтынын мәлімдеймін. Оның орнына келесі Ойындарды өткізу мүмкіндігін қарастырамыз”, – деп мәлімдеді ҚР ҰОК вице-президенті Андрей Крюков.

Бұған дейін Алматы Олимпиада-2022 ойындарын өткізуге өтініш берген. Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелері арасында дауыс беру қорытындысы бойынша Олимпиаданы өткізу құқығын төрт дауыс артық жинап, Пекин қаласы (Қытай) жеңіп алған.

Олимпиада-2026 ойындарын өткізуі мүмкін елдердің қатарында Калгари (Канада), Саппоро (Жапония) және Эрзурум (Түркия) қалалары бар.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбенің бас дәрігері халықты хиджамаға жасамауға шақырды

Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас

Шымкенттік әйел журналист ауыл имамын жалаңаштап суретке түсіріп, ішімдік ішкізген деп айыпталып жатыр

Талқылау