Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бес азаматы Сириядан шығарылды (видео)

13 қараша күні Грозный қаласының әуежайына Сириядан шығарылған 12 әйел мен 29 бала ұшақпен келіп қонды.

«Қымбатты достар, «Грозный» әуежайына бүгін кешкісін Сириядан кезекті ұшақ келіп қонды.Ұшақ бортында 41 адам. Олардың арасында бес адам қазақстандық, екеуі – Өзбекстан, ал қалғаны ресейліктер – Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан мен Башқұртстаннан.

Фото: Саид Царнаев

Әйелдер балаларының әкелері мен күйеулері террорлық ұйымға қатысқандықтан Сирияға өтіп кеткен. Олар көптен бері көрмеген жақындарымен қауышты. Бұған дейін Сирия мен Ирактан 48 адамды алып шыққан едік. Осылайша 89 адамды отбасымен табыстырдық», – деп жазады Шешенстан президенті Рамзан Қадыров желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз

Бейтаныс қызға бүйрегін берген: Жәмилә мен Абзал тағдырдың жазуымен танысып, бір отбасыдай болып кетті

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады

Талқылау