Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 18-миллионыншы азаматы қай қалада дүниеге келгені анықталды

Талдықорғанда 2017 жылғы 11 мамырда дүниеге келген Саматқызы Муслима Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғын болды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

бала
Талдықорған тұрғынының дүниеге келуімен Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті.
“Саматқызы Муслима 11 мамыр күні Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келді. Туған кездегі нәрестенің салмағы туу сәтінде 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы тұған, әкесі – Бестыбаев Самат Еркинбекұлы — мұғалім — 1982 жылы туған”, — деп атап өтті министр.

Ведомствода атап өткендей, 18-ші миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы санының өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды.

Комитет 18-ші миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы туған балаларды іздеу жолымен анықтады.

“Кандидатура олардың аналарының тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер), олардың білім деңгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің жынысы, салмағы мен бойына қарамастан тұтастай алғанда республика бойынша анықталды”, — делінген хабарламада.

Жалпы, тәуелсіздіктің жылдар ішінде халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 маусымға 18 014,2 мың адамды құрады.

Оқи отырыңыз:

Жезқазғанда той соңында қалыңдық пен бір топ жігіт арасында төбелес болды (видео)

Екі жігіт бойжеткенді ауызашарға шақырып зорлап, видеоға түсірген

Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен

Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды

Талқылау