Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек

Оңтүстік-Қорасан ауылшаруашылығы ұйымы (Иран) Қазақстанның 10 мың гектар жерін жалға алмақ.

Дальневосточный-гектар-2

Иран елінің солтүстік-батысында үнемі құрғақшылық болады. Сондықтан Иран елі ауылшаруашылық дақылдарын өндіру мақсатында Қазақстан жерін жалға алуды жоспарлап отыр – деп хабарлайды “АГРОбизнес” порталы.

Агро-аутсорсинг – бұл ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін өзге елдің жерін сатып алу, жалға алу не лизинг алу деген мағынаны білдіреді. Өнім жиналып алған соң Иранға жіберіледі.

“Шекара сыртындағы фермерлік” бағдарламасы аясында Қазақстан мен Иран жерді жалға беру келісіміне былтырғы жылдың маусым айында қол қойған. Басты мақсат – ауылшаруашылық өнімдерін көбейту және Оңтүстік Америка, т.б. елдерден бидай сатып алуды азайту. Иран елі көптеген елде 1 млн гектарға дейін жерді жалға алған.

Иран биыл ауылшаруашылық саласында бидай мен арпа өнімін мол жинағанымен билік өкілдері елдегі суды үнемдеуді көздеп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Министр: Марқұмның ағзасын ешкімнің рұқсатынсыз алуға рұқсат ететiн норманы қолдаймын

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдеме жасады

Талқылау