Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық сарапшылар тұрғын үй бағасы күрт өседі деп болжап отыр

Елімізде жылжымайтын мүлік бағасы аспандап тұр, нарықты тағы қымбатшылық күтіп тұр. Риэлторлардың болжамынша, сұраныстан көрі ұсыныстың көптігіне қарамастан, жақын арада тұрғын үй бағасы шамамен 5%-ға өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

үй сток

Құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Алғы нарықта бір шаршы метрдің бағасы қазір –  493 мың теңге.

Құрылыс қарқыны үдеген сайын баға да көтеріле бермек. Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай осындай. 2023 жылдың алғашқы сегіз айында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынғанына қарамастан бастапқы баспана құны биыл 6 пайызға дерлік өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Мұнда “Неге ұсыныстың сұраныстан көп болуы бағаның төмендеуіне әкелмейді?” деген заңды сұрақ туады. 

Экономистердің сөзіне сенсек, болашақта бір шаршы метрдің орташа құны болашақта 500 мың теңгеден асуы мүмкін. Олар мұндай бағаны негізсіз деп санайды. Сарапшылардың пікірінше, жылжымайтын мүлік нарығында баға әлі де өзгереді. Биыл тұрғын үй бағасының 6%-ға өскеніне қарағанда, жақын арада жылжымайтын мүлік құнының күрт төмендеуі мүмкін емес. 

“Пандемиядан кейін пәтер бағасы екі есеге өсті. Өңірлерде пәтерге сұраныс өте аз. Осылай жалғаса берсе, баға төмендеуі мүмкін. Бірақ жақын арада емес. Бұл тұрғын үй салатын тұлғалардың банкротқа ұшырауына себеп болғандықтан пәтер бағасының төмендеуі екіталай. Мүмкін содан кейін бағдарламаларда жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін”, – дейді экономист Мақсат Халық. 

Экономистер шаршы метрдің бағасы тым қымбат не арзан екенін анықтау қиынға соғып жатқанын айтады. Ол үшін оның өзіндік құнын білу керек. Бағаны нақтылау үшін құрылыс компанияларына есеп-қисаптарын жариялау туралы ұсыныс жасады. 

“Мемлекет соңғы кездері субсидиялау, т.б. жеңілдікті ипотеканы белсенді түрде дамытып жатыр. Бұрын бұл халық арасында тек әлеуметтік осал топтарға арналған болса, қазір бәріне қолжетімді. Олар үкіметтен ақша алатындықтан, ашық есеп бергені дұрыс деп ойлаймын. Осыны желеу етіп құрылыс салушылардан ашық есеп-қисап жүргізуін талап етуге болады”, – дейді экономист Расул Рысмамбетов.

Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы мәлімдеуінше, тұрғын үйдің өзіндік бағасы жер, құрылыс материалдарын сатып алу, кепілдік міндеттемелері сияқты шығындарға байланысты болады. 

“Бүгінде баспананың өзіндік бағасы шамамен бір шаршы метр үшін 260-290 мың теңгеге тең. Егер пәтердің орналасқан жеріне мән берсеңіз, оның бағасы өзгереді. Құрылыс материалдарының құны өскен сайын, сәйкесінше пәтер бағасы да қымбаттайды”, – дейді Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

Риэлторлар мәмілелер санын қысқарту туралы айтып жатыр. Ұсыныс сұраныстан әлдеқайда көп. Ресми статистикаға сәйкес, қайталама нарықтағы бағалар биыл 4%-ға дейін төмендеді, бірақ баспана құны арзандаған жоқ.

“Баға мұншалық төмендемейді. Бірақ сұраныстың төмендеуі байқалады. Алматыдағы транзакциялардың қазіргі санын салыстырсақ, айына 6 мыңның төңірегінде. Бұл сұраныстың 20%-ға төмендеуін көрсетеді. Ал баға сол күйінде қалды. Қайталама тұрғын үй нарығына қатысты сұраныс сәйкесінше, төмендеді. Атап айтсақ, ипотекалық несиелеуге жарамсыз болғандықтан 1974-ші жылға дейін салынған ескі пәтерлер арзандайды”, – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Асхат Базарбаев.

Ескі үйлерге ұсыныстардың азайғанына қарамастан, үй иелері бағаны түсіруге асықпайды. Құрылыс салушылар қауымдастығы жаңа пәтерлердің бағасы түспейтінін айтады. Баспана құны ағымдағы инфляцияға сәйкес болмақ. Сондай-ақ ірі қалаларда бағаның көтерілетіні сөзсіз дейді олар. 

Талқылау