Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 26 қаңтар, бейсенбі күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қар үйінділері

26 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

26 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны 15-18 м/с жетеді.

26 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

26 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында күн тұманды болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.

26 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.

26 қантарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел тұрады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде - 23 м/с.

Талқылау