Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан күндіз екпіні 23 м/с болатын жел соғады.

Қызылордада шығыс пен оңтүстік-шығыста желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с. Дауыл ықтималдығы 90-95%.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оралда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтілуде. Дауыл болуы мүмкін 85-90%.

Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Таразда15-17 қаңтарда тұман, ал 16-17 қаңтарда көктайғақ болады деп күтілуде. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.

15-16 қаңтарда Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр