Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанның жаңа энергетика министрі тағайындалды

Қазақстанның Энергетика министрі лауазымына Ерлан Ақкенженов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Энергетика министрі қызметіне мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Ақкенженов Қазақстан кірісті. 

Ақкенженов Ерлан Құдайбергенұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), "Астана" университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.

  • 2002-2003 жылдары "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас маманы;
  • 2003 жылы "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас менеджері;
  • 2004 жылы "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры;
  • 2004-2006 жылдары "Chevron Texaco Global Trading "Қылыш" бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері;
  • 2006 жылы "KazMunaiGaz Singapore" директоры;
  • 2006-2008 жылдары "Қазмұнайгаз "Сауда Үйі" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры;
  • 2008-2010 жылдары "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС коммерциялық директоры);
  • 2011 жылы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Бас директорының кеңесшісі;
  • 2011-2012 жылдары "ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры;
  • 2013-2014 жылдары "Rompetrol Bulgaria" Бас директордың орынбасары, Бас директоры;
  • 2014 жылы "KMG International (Rompetrol)" Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры;
  • 2015 жылы "KMG International (Rompetrol)" Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры;
  • 2015-2016 жылдары "KMG International (Rompetrol)" Бас директорының кеңесшісі;
  • 2016-2020 жылдары Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс;
  • 2022-2023 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы қызметтерін атқарған;
  • 2023 жылы Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылып, Сатқалиев төрағасы болып тағайындалған еді. Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі қызметін атқарған. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 19 Наурыз, 2025 12:38
Талқылау