Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның зейнетақы қорындағы 1,5 млрд доллар шетелдік компанияларға басқаруға берілді

Ұлттық банк зейнетақы қорының 1 жарым миллиард долларға жуық автивін шетелдік бес компанияға басқаруға берді. Инвестициялық кіріске молынан кенелеміз деген жоспармен салынған бұл қаражаттың әзірге 15 пайызы қайтыпты. Дегенмен, кейбір экономистер, бас банкке сәтсіз жасалған жобалардан инвестициялық кіріс көрмегеніміз сабақ болмаған сыңайлы дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Қазақстан президентіне зейнетақы жүйесінің жеткілікті қаражат жинамағанын айтты

Ұлттық банк 2 жыл бұрын шетелдік компанияларға 1,4 млрд теңге зейнетақы активтерін басқаруға бергелі бері 84 млрд теңгеден астам инвестициялық пайда түсіпті. Бұл берілген соманың 15 пайызға жуық қаражаты қайтты деген сөз. Кейбір экономистер мұны ақшаны тиімді басқара алмайтын бас банктің жасаған ең ұтымды әдісі деп санайды.

"Егер біз өте дамыған ел болсақ, онда сол ақшаны индексация жасайды. Ол индексацияны жасайтын бізде жағдай жоқ, өйткені олар сол ақшаны дұрыс басқарады, пайдаланады. Біздің бір қателігіміз - біз ақшамен, елмен басқара алмаймыз", - деді экономист Нұрсәуле Бірімбетова.

Ал сарапшы Мақсат Халықтың айтуынша, активтерді шетелдік компаниялардың басқаруына беру үлкен тәуекелді қажет етеді. Сәтсіз жасалған жобаның бірі - пессимистік рейтинке қарамастан Әзірбайжан банкіне салынған 71 млрд теңгені ұзақ жылдар бойы бөліп қайтарылуы. Қаражат қайтқанымен, сыйақы мөлшерінен оңбай қағылғанымыз қордың инвестициялық кірісіне кері әсер еткені даусыз. Бірақ мемлекеттік құнды қағаздарға да салынған қаражаттың пайда әкеліп жатқаны шамалы.

"Зейнетақы қорындағы қаражаттың 50 пайыздан көп бөлігі мемлекеттік құнды қағаздарға салынуы болып тұр. Мемлекеттік құнды қағаздардың кірістілігі өте төмен және де инвестициялық кірістің төмен болуына әсер етіп, тиісінше, азаматтардың сол жақтағы қаражаттарының құнсызданып кетуіне ықпал етіп тұр", - деді сарапшы Мақсат Халық.

Салымшылардың ұзақ жылдар бойы жинаған қаражатының онсыз да құнсызданатынын ескеретін үкімет болса, онда жинақталған соманың тек инвестициялық кірісінен ғана салық ұстағаны жөн, дейді сарапшылар. 

Бұған дейін депутаттар алдын ала зейнетақы қорынан қаражат шешіп алуға рұқсаты бар азаматтардың 10 пайыздық салықты зейнетке шыққанқан кейін болса да, түбі толық төлеу керек екенін айтты. Мұны ұлттық экономика министрі де қолдап, заң жобасын пысықтау үшін мәжіліске кері қайтарды.

Талқылау