Қазақстанның үш аумағында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірден үш аймағы - Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялнды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің мәлімдеуінше 27-28 желтоқсан аралығында Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы нашарлайды.
"Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ сақталады. Ал Батыс Қазақстан бұған қоса жауын-шашын күтіледі", - деді синоптиктер.
Бұған қосы мамандар дауылды ескертудің ықтималдығы 95 % жететіндігін қосты.
Талқылау