Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы мен оның жұбайы қаза тапты
Қазақстанның Түркиядағы Невшехир провинциясындағы құрметтi консулы Халил Улуердің және жұбайының жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы мәлімдеді.
"Құрметтi консулымыз Халил Улуер - көптеген жылдар бойы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюына, екі бауырлас ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардың қарқынды дамуына елеулі қызмет көрсетіп келген қазақ халқының нағыз жанашыры. Анадолы жұртына еліміздің болмысы мен мәдениетін танытуда бірегей қызмет еткен қадірлі бауырымыздың және жұбайының жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын деп дұға етеміз", - деп жазды Абзал Сапарбекұлы.
Халил Улуер - құрметті консул ретінде қызметін бастағалы бері еліміздің көптеген іс-шараларына атсалысып, өзінің консулдық аймағында Қазақстанды, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттау бойынша көптеген қызмет көрсеткен. Сондай-ақ қиын жағдайға түскен азаматтарымызға әрдайым қол ұшын берген.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
