Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тумасы туған ауылына 30 мың долларға тегін дәрілер жіберді

Баянауыл орталық аудандық ауруханасына осы ауылдың тумасы, брақ қазір Мәскеуде тұратын белгісіз азамат құны 30 мың долларға тең  дәрі-дәрмектер, оттегі концентраторлары және басқа да медициналық препараттар сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

меценат

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және  Ertis – adaldyq alańy жобалау кеңсесі Баянауыл аудандық орталық ауруханасына көмек қабылдауға және дәрі-дәрмектерді беруге қатысты.

"Бүгін біз кішкентай отанымызға деген ризашылықтың жарқын үлгісін көріп отырмыз. Баянауылдың тумасы өзінің туған жерін ұмытпай, өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ұсынып, ауданға тағы да көмек көрсетті", – деді Ertis-adaldyq alańy жобалау кеңсесінің жетекшісі Ризабек Исабеков.

Аудан орталығына "Цефтриаксон", "Ингавирин", "Левофлоксацин", "Клексан", С витамині, парацетамол және басқа да дәрі-дәрмектері бар ондаған қораптар келді. Сонымен қатар, аты-жөнін атағысы келмейтін меценат түтікшелері мен маскалары бар сегіз оттегі концентраторын, сондай-ақ ересектерге, балаларға арналған пульсоксиметрлерін және жеті термоконтейнерді жіберді.

Демеушінің жалғыз талабы -  дәрі-дәрмектерді мақсатқа сай ашық пайдалануды қамтамасыз ету.

"Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Protecting business and investments (бизнес пен инвестицияларды қорғау) жобасы аясында кәсіпкер Мәскеуден Павлодар облысының Баянауыл ауданына жіберген жүкті алып барып, қажетті кеңес береді", - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.

Сонымен қатар, демеуші аймақтың дәрігерлеріне мәскеулік профессормен кеңес ұйымдастырды, ол аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету бойынша кеңестерімен бөлісті.

"Біз емдеу тактикасын пысықтадық, бізге хаттама аясында ұсыныстар берді. Аптасына екі рет профессормен байланысқа шықтық, ол бізге жеткізілген дәрі-дәрмектерді ұсынды. Жерлесімізге көмек көрсеткені үшін көп рақмет айтамыз!"- дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Сержан Арынов.

Талқылау