Қазақстанның тумасы Мәскеуде зейнеткерді аяусыз өлтірді деген күдікке ілінді
Павлодар қаласының тумасы, 31 жастағы Гүлчахра Айдарова Мәскеуде зейнеткерді аяусыз өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ren.tv сайтының хабарлауынша, Мәскеуде күтушінің әжені аяусыз өлтіруінің себебі қарт әйел тарапынан үнемі көрсетілген қорлық болған. Осыдан кейін күтуші қолына пышақ ұстауға мәжбүр болған.
31 жастағы Павлодар қаласының тумасы Гүлчахра Айдарова аяусыз қылмыс жасағаны үшін ұсталғаны атап өтілді. Ол 1938 жылы туған зейнеткер Ирина Кожинаға қарап жүрген. Әйел ауыр науқас болған, сондықтан оған күтуші керек болды.
Қылмыс 20 қаңтарда кешке Мәскеудің орталығындағы пәтерлердің бірінде жасалды. Қарт әйелдің кезекті бір ескертуінен кейін күтуші мен әже арасында жанжал туындады. Содан кейін Қазақстанның тумасы пышақ суырып, зейнеткердің тамағын кесіп тастаған.
Кожина дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қаза болды. Айдарова ұсталды және айғақ беріп жатыр.
Айтпақшы, шабуылдаушының психикалық ауруы болған деген нұсқа бар.