Қазақстанның туы әлемде ең үздік деп танылды

Reddit платформасындағы Flags of the World Tournament онлайн-турнирі аяқталды. Нәтижесінде Қазақстанның туы әлемде ең үздік деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнирде 64 елдің туы жарысқа түскен. Аталған байқауда қолданушыларының басым бөлігі Қазақстан туына дауыс берген.
“Қазақстан – біздің чемпион! Баршаңыз дауыс беріп, бұл әлемдегі ең үздік ту деп шештіңіздер”, – делінген жарияланымда.
Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшы атанды
Шарт бойынша тулар дауыс беру нәтижесі арқылы келесі кезеңге өтіп отырды. Өтпегендері байқаудан шығып қалады. Алтыншы раундта, яғни финалда Қазақстан байрағы Кирибати рәмізінен басым түсіп, ең ұздік ту деп танылды.
Сондай-ақ Сейшель аралдарының, Ұлыбританияның, Бразилияның, Шри-Ланканың, Ямайканың және Папуа –Жаңа Гвинеяның тулары да жақсы дауыс жинап, соңғы раундтарға дейін жетті.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі