Қазақстанның бес өңірінде жаңа шектеулер енгізілді

Қазақстанның бес өңірінде жаңа шектеулер күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді.

Ақмола облысы:

  • Көкшетаудың периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылды;
  • күн сайынғы өсім 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатылды;
  • Көкшетау - Алматы және Көкшетау - Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасы аптасына екі рейстен бір рейске дейін қысқартылды;
  • Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үш ретке дейін қысқартылды;
  • облыс ішінде транзиттік жолаушылар теміржол құрамдарын тоқтатуға тыйым салынады;
  • діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет объектілерінің қызметі тоқтатылды;
  • жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-нен аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі;
  • жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ауданы 500 шаршы метрден астам сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектелді;
  • стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді қоспағанда, облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 23.00-ден 6.00-ге дейін шектелген;
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, қажеттілік болмаған жағдайда тұрғылықты жерінен кетпеу ұсынылды;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды;
  • кеңестерді күндізгі режимде өткізуге тыйым салынады;
  • шектеу шараларын сақтау бойынша мониторингтік топтардың тиімділігі, атап айтқанда, Көкшетау, Степногорск және бірқатар аудандарда артады;
  • байланыста болған адамдар мен COVID-19 бар науқастарды бақылау бойынша жұмыс күшейтілді;
  • ПТР зертханаларының қуаты артты.

Қостанай облысы:

  • Қостанай қаласының периметрі бойынша және мемлекеттік шекара арқылы өтетін автоөтпе жолдар ауданында блок-бекеттер орнатылды;
  • КВИ-мен сырқаттанушылықтың күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитариялық блок-бекеттер орнатылды;
  • Қостанай облысына ПТР туралы анықтамасыз жүк көлігі мен жолаушыларға кіруге тыйым салынады, олар болмаған жағдайда адамдар тексеру үшін екі күнге дейінгі мерзімге карантиндік госпитальға жіберіледі;
  • әуе қатынасы жолаушыларында теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамалардың міндетті түрде болуы керек (берілген сәттен бастап үш тәуліктен артық емес);
  • тұрғындардың елді мекендер аумағы бойынша қозғалысы 21.00-ден 06.00-ге дейін шектелген;
  • 06.00-ден 20.00-ге дейін отыратын орындар саны бойынша толтырылатын қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілген;
  • демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды;
  • салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды және басқаларды өткізбей, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі. 21.00-ден кейінгі жұмыс тек алып кету және жеткізу бойынша жүргізіледі. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу қызметіне рұқсат етіледі;
  • жолаушылар саны екі адамнан аспайтын таксидің жүріп-тұруы 21.00-ден 06.00-ге дейін шектелген;
  • мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды;
  • театрлар мен кинотеатрлардың қызметі тоқтатылды;
  • сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс тәртібі 10.00-ден 20.00-ге дейін шектелген;
  • Қостанай-Қарағанды және Қостанай-Алматы бағыттары бойынша теміржол тасымалдары аптасына жетіден үш ретке дейін қысқартылды;
  • облыс ішінде жолаушылар теміржол құрамын тоқтатуға тыйым салынған;
  • мониторингтік топтардың карантин режимін сақтау жөніндегі қызметі күшейтілді;
  • халық арасында карантин режимін мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді;
  • денсаулық сақтау министрлігі ұсынымдарының сақталуын бақылау күшейтілді.

Павлодар облысы:

  • Павлодар периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылды;
  • күн сайынғы өсім 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатылды;
  • Павлодар-Алматы (аптасына 10-нан бес рейске дейін), Павлодар-Нұр - Сұлтан (үштен бір рейске дейін) және Павлодар-Шымкент (екіден бір рейске дейін) бағыттары бойынша әуе қатынасы қысқартылды;
  • Павлодар-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жетіден үш ретке дейін қысқартылды;
  • облыс ішінде жолаушылар теміржол құрамын тоқтатуға тыйым салынған;
  • діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет объектілерінің қызметі тоқтатылды;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 20.00-ге дейін шектелген;
  • кеңестерді күндізгі режимде өткізуге тыйым салынады;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды;
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерінен кетпеу ұсынылды;
  • мониторингтік топтардың карантин режимін сақтау жөніндегі қызметі күшейтілді;
  • халық арасында карантин режимін мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді;
  • демалыс және мереке күндері облыста: қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды (трамвайлар, автобустар және маршруттық таксилер); азық-түлік емес және жабық және ашық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылды; моншалар мен сауналардың жұмысы тоқтатылды; қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тек жеткізу форматында жүзеге асырылатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • халықаралық екі жақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасының азаматтарына) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы міндетті түрде ұсыну бойынша талап енгізілді (берілген сәттен бастап үш тәуліктен аспайды). Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР тест нәтижелерін бергенге дейін екі тәулікке карантинге жіберіледі;
  • Петропавлда периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылды;
  • күн сайынғы өсім 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатылды;
  • Петропавл-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жетіден үш ретке дейін қысқартылды;
  • облыс ішінде жолаушылар теміржол құрамын тоқтатуға тыйым салынған;
  • Петропавлдан ұшатынәуе қатынасы жолаушыларына теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болуы міндетті (берілген сәттен бастап үш тәуліктен артық емес);
  • діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет объектілерінің қызметі тоқтатылды;

Жұмыс күндері жұмысы шектеледі;

  • й-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-нен аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін;
  • ауданы 500 шаршы метрден астам сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;

Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілері 08.00-ден 21.00-ге дейін жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді;

  • демалыс және мереке күндері ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда үйлерінің, сауда орталықтарының және азық-түлік емес дүкендердің жұмысы тоқтатылады;
  • жексенбіде сұлулық салондары, шаштараздар, бассейндер, фитнес-клубтар мен спорт залдарының жұмысы тоқтатылады;
  • офлайн кеңестер өткізуге тыйым салынады;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан басқару режиміне ауыстырылды;
  • адамдарды қарсы алатын және оларды шығарып салатындардың әуежайларға, теміржол вокзалдарына кіруіне тыйым салынады (тек билетпен кіру);
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеу ұсынылды;
  • карантиндік режимді сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді, атап айтқанда Петропавл, Айыртау, Аққайың және Ақжар аудандары бойынша;
  • карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді;
  • облыс тұрғындарын ПТР-тестілеумен қамту ұлғайтылды.

Батыс Қазақстан облысы

  • Орал қаласына және облыс аудандарына кіріп-шығатын жерлерге санитарлық бекеттер орнатылады;
  • жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметшілерін, жергілікті әскери басқарма органдарының қызметшілерімен сүйемелденетін әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін және стратегиялық нысандардың өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмысшыларды қоспағанда, тұрғындар қозғалысы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шектеледі;
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеу ұсынылды;
  • жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам (отбасы мүшелері, жақын туыстар) адамның жиналуына жол берілмеуі қажет;
  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге жол бермеу;
  • барлық ойын-сауық объектілерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтата тұру;
  • әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын адамдардың кіруіне шектеу қою (қарттарды, жүгі бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қарсы алатын және шығарып салатын адамдарды қоспағанда), адамдардың жиналуына жол бермеуді қамтамасыз етуі тиіс;
  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80 пайызын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50 пайызын қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру;
  • мәдениет нысандарына тек жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен толтырылуы 50 пайыздан аспасын). Ұжымдық дайындық өткізуге тыйым салу;
  • діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30 пайызынан аспайтын және кемінде 5 шаршы метр толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;
  • азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);
  • күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
  • сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы нысан сыйымдылығының 30 пайызынан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес);
  • қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс). Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) келушілерді қабылдамай, тек жеткізу үшін жұмыс жасау;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, Ѕра орталықтар (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (1 келушіге кемінде 4 шаршы метр). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;
  • фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және тренажер залдары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 шаршы метр есебінен толтырылуы нысан сыйымдылығының 50 пайызынан аспайды). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;
  • бассейндер алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күндері тоқтата тұру.

Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес):

  • азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар) жұмысын тоқтата тұру;
  • азық-түлік емес және азық-түлік ашық және жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
  • діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмысын тоқтата тұру;
  • мәдениет нысандарының (жеке, топтық дайындық), кітапханалардың, мұражайлардың және т. б. жұмысын тоқтата тұру; - қоғамдық автокөлік жұмысын тоқтату;

Әуе рейстері:

  • 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарды;
  • Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте бір реттен артық кесіп өте алмайды (бұрын 30 тәулік болған);
  • 2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим тоқтатылды;
  • 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан аумағында Қытай мен Үндістаннан транзиттік жолаушылардың 72 сағаттық визасыз болуы тоқтатылды.
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр