Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанның қай аймағында жаңбыр жауатынын айтты

Синоптиктер 28 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнде Қарағанды ​​облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда түнде тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деп күтіледі. Көкшетауда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан соғатын жел тау асуларында 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 27 Қазан, 2021 17:42
Талқылау