Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   

ауа-райы

Қазгидрометтің мәліметінше, 21 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, кей жерлерде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтауаласында кешке найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, қатты ыстық 36 градус күтіледі. Орал қалаында күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

Ал Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 21 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Петропавлда күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

 

STAN.KZ
Сенбі, 20 Маусым, 2020 18:25
Талқылау