Қазақстанның төрт былғары қолғап шебері Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Фото: olympic.kz
Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт спортшысы финалға шықты.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлназ Бүрібаева Моңғолия өкілі Биндерия Содон-Одты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, финалға жолдама алды.
70 келіде Бақыт Сейдіш үндістандық Парнджал Ядавпен өткен жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
75 келі салмақта Шұғыла Нәлібай үндістандық Шрутиді айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Ал аса ауыр салмақта (80 келіден жоғары) Әсел Тоқтасын Өзбекстан спортшысы Диёрахон Абдуманнобованы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, финалға жолдама иеленді.
Қазақстандық боксшы қыздардың финалдық кездесулері алдағы күндері өтеді.
Талқылау

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
Кейіпкер: "Жылылықты таппаса екіншіні, үшіншіні, тіпті төртіншіні де іздей бастайды"

"Тегін тамақ беріп, емдік шөптің тамырын тауып әкелді": Оңтүстік Кореяға ем іздеп барған қазақстандық қыз күтпеген жерден кәріс ата-әже тауып алған
Құралай: “Олар бүгіннен бастап сен менің қазақстандық қызымсың, бұл менің немерем” деді