Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның төлқұжат дизайны өзгертілмек

Қазақстан төлқұжат дизайнын жаңарту қарастырылып жатыр. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин жаңа құжат жобасының әзірленуі 2025 жылдың ақпанында басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлан Қарин қазіргі төлқұжат жобасының 17 жылдан бері қолданылып келе жатқанын және жаңартуды қажет ететінін атап өтті.

"Ұлттық банктің жетекші дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының сарапшылары қазір төлқұжаттың визуалды дизайнына база әзірледі. Бұл жұмыста халықаралық стандарттар мен трендтер ескерілді: минималистік стиль, виза беттеріндегі фондық суреттер, контрафактілікке қарсы жаңа элементтер. Қазақстанның қайталанбас ерекшеліктерін, оның ұлттық ерекшелігін, елдің мәдени әралуандылығын көрсететін жаңа дизайн тұжырымдамасы әзірленді. Жаңа дизайн жақын арада таныстырылады", – деді Қарин.


Қазақстан төлқұжаты әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады


Сондай-ақ ол келесі қадам сигнал макетін шығару болатынын, көп сатылы басып шығару және қауіпсіздік технологияларын енгізу есебінен бірнеше ай қажет екенін атап өтті. Төлқұжатты жаппай ауыстыру жоспарда жоқ, ескі құжаттардың мерзімі бітіп, бүлінген жағдайда немесе жеке тұлғаның өтініші бойынша жаңа құжаттар беріледі. Төлқұжат құны бұрынғысынша қалады.

Сонымен қатар 9 қазанда мемлекеттік хатшы Банкнот фабрикасының мамандарымен кездесу өткізіп, цифрлық үлгіні жасаудың техникалық аспектілерін және жаңа құжатты кейіннен шығаруды талқылады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 21:48
Талқылау