Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтілді
Атырау облысының аумағында тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, облыс аумағында тыйым салынған:
- бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
- "Аshyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда, ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, аттракциондардың, жабық үй-жайлардағы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері, түнгі клубтар, караоке, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг, букмекерлік кеңселер жанындағы ойын алаңдарының қызметі, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге;
- "Аshyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда, жеке, топтық дайындықтарды, театрларды, кинотеатрларды, концерт залдарын, филармонияларды қоса алғанда, мәдениет объектілерінің жұмысына;
- "Аshyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда, көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге;
Сонымен қатар шектеу шаралары енгізілді:
- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) – бір келушіге 30%-дан аспайтын және 5 шаршы метрден кем емес толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "Жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқалар) ашық ауада өткізу бір адамға кемінде 4 метр есеппен маскалық режим мен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады;
- азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар – сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс кестесі;
- азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар-күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс кестесі 09.00-ден 19.00-ге дейін;
- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде жазғы алаңдар 07.00-ден 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, үстелдер арасындағы қашықтықтың кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс);
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер – алдын ала жазылу бойынша 09.00-ден 19.00-ге дейін (объектінің толтырылуы келушіге кемінде 4 шаршы метр есебінен);
- сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер – алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
Талқылау