Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тағы бір облысынан ПТР нәтижесінсіз шығуға тыйым салынды

Көлік жөніндегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов 9 қарашадан бастап ПТР сертификатынсыз Солтүстік Қазақстанда облысынан әуе және теміржол көлігімен шығуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің екінші қауіпті аймағы болды. Облыстан тек ПТР нәтижесі бар жолаушылар ғана шыға алады. Бұған дейін мұндай шектеулер Шығыс Қазақстан облысында енгізілген болатын.

"2020 жылдың 9 қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әуе немесе теміржол көлігімен Қазақстанның басқа аймақтарына сапар шегетін жолаушыларда COVID-19 теріс нәтижелері бар ПТР сынағының сертификаты болуы керек. ПТР нәтижесін қолданылу мерзімі алған күннен бастап 3 күнге дейін жарамды. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды", - деді көлік жөніндегі бас дәрігер.  

Әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарына шығарып салуға немесе еріп жүруге рұқсат етілмейді, ғимаратқа билеттері бар жолаушылар ғана кіреді.

"Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жолаушылар пойыздарын тоқтатылмайды. Тек вагондар арасында жолаушылар қозғалысына шектеу қойылады. Қазақстанның басқа аймақтарынан СҚО-ға келген жолаушылардың ПТР нәтижелері тексерілетін болады", - деп қосты ол.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2020 10:31
Талқылау