Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның солтүстігінде алты елдімекен карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус салдарынан алты елдімекен жабылды.

блок

Жалпы, пандемия басталғаннан бері облыста коронавирустық инфекцияның 7966 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 63 жағдай тіркелді, оның ішінде 40 симптоматикалық жағдай және 23 симптомсыз жағдай бар.

«Аурудың өршуіне жол бермеу үшін екі аудандағы алты елдімекенді жабу туралы шешімдер қабылданды. Есіл ауданында Явленка, Ясновка, Николаевка және Петровка ауылдары жабылды. Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево қаласы мен Таманское ауылында карантин енгізілді», - деді дүйсенбіде брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Арман Кушбасов.

Бұрын жабылған елді мекендер - Уалиханов ауданының Кішкенекөл, Қызылжар ауданының Бескөл, Мағжан Жұмабаев ауданының Успен, Тайынша және Петропавл қалалары карантиннен шығарылды. Олардағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды, ауру жұқтырғандар саны азайды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Желтоқсан, 2020 06:36
Талқылау