Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның солтүстігінде 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр

Қазақстанның солтүстігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 150 елді мекен жарықсыз отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pkzsk.info

"18 қарашада облыстың 11 ауданында электр қуаты үзілді. 217 елді мекен немесе 33 мың отбасы жарықсыз қалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 20 қараша күні таңертең 10 аудан жарықсыз қалды, бұл 150 елді мекен немесе 21 мың отбасыны құрайды", – деді төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Сәкен Ағзамов.

"Севказэнерго" АҚ Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылын электрмен қамтуды жартылай қалпына келтіргенін хабарлады.

"Жұмыс ұзақтығы электр жабдықтары зақымданған жерлерді іздестіру жұмыстарының ауқымды аймағымен байланысты. 110 кВ әуе желісінде жерге тұйықтау сымының үзілгені анықталды.
Сондай-ақ апаттық бригадалар төрт фидерді жөндеді", - деді компания.

Айта кетейік, бұған дейін Дауыл салдарынан Екібастұз жылу электр орталығында қазандықтар тоқтап, Павлодарда 100 елді мекен жарықсыз қалғанын және Астанада 18 қараша күні кештен бері елордада жел соғып, бүкіл құрылыстарды қиратып, ағаштарды құлатып, маңдайшаларды қиратқаны туралы жазған едік. 

Талқылау