Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ядролық қаруға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТК) күшіне енуін құптайды. БҰҰ-ға мүше 122 мемлекеттің қолдауымен 2017 жылы 7 шілдеде қабылданған шарт ядролық қаруды толығымен жою жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Қазақстанның келіссөздер процесіне белсенді қатысқаны атап өтілді.  Ядролық қарусыздану тарихындағы халықаралық құқықтық саладағы елеулі алшақтықты жоятын алғашқы көпжақты заңды күші бар құжаттың символдық мәні бар. Құжат Семей полигонының жабылуының 30 жылдығында күшіне енеді.

"Толық және жалпы ядролық қарусыздану идеясының жақтаушысы бола отырып, Қазақстан 2018 жылғы 2 наурызда ЯҚТШ-қа қол қойды. Біз 57-ші мемлекет ретінде тіркелдік, ал 2019 жылғы 29 тамызда Қазақстан ратификациялау құжатын ұсынған 26-шы мемлекет болды. 2019 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп түсіндірді СІМ.

2020 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жмарт Тоқаев пандемия жағдайында ядролық қаруды таратпау және қарусыздану дағдарысы маңызды проблемалардың бірі болып қалатынын айтқан.

Қазақстан басқа елдерді 2045 жылға дейін - БҰҰ-ның жүз жылдығына орай біздің планетамызды ядролық қарудан арылту мақсатында Шартқа қосылуға шақырады.

 

Талқылау