AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі: Талибанды мойындаған жоқпыз

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстанның ауған еліндегі жағдайға қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз Талибанды мойындаған жоқпыз. Күні кеше сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Біз осы елдегі жағдайды жіті бақылап отырмыз", – деді Рахметуллин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда вице-министр Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесін де қолдайтынын еске салды. Ол құжатта ауған жерінде инклюзивті және өкілдік үкімет құру, аз ұлттар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу мен халықаралық құқықты сақтау туралы жазылған.

"Қазіргі кезде бәрі жағдайды бақылаумен отыр. Ұйымның айтқан сөздері іс-әрекетіне қаншалықты сай болады, көп нәрсе соған байланысты болып тұр. Кабулдағы Талибан –  бұл өмір шындығы, осы шындықпен жұмыс істеу керек. Бірақ Талибанмен саяси немесе басқа бір деңгейде ешқандай байланыс болған жоқ", – деп атап өтті Рахметуллин.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр