Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қарабақтағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қарабақтағы оқиғаға қатысты пікір білдірі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік әскери іс-қимылдарды тоқтату шешіміне оң баға берді.
"Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады", - деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, сыртқы істер мнистрлігі екі халық арасында достық қарым-қатынас орнап, уағдаластықтары ұзақ уақытқа жалғасатынына үмітті екенін жеткізді. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларына еркеше мән берілу керек екені ерекше аталып өтілді.
"Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", - деп мәлімдеді министрлік.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
