Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалың тұман болады: Синоптиктер еліміздің сегіз өңірінің тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады

Республиканың сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

туманы

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 10 наурызда Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20 м/с-ке жетеді.

10, 11, 12 наурызда түнде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түсіп, жер көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында тұман күтіледі. Жел екіпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 10 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

10-12 наурызда Түркістан және Жамбыл облыстарында оң ауа температурасының болжамына және қатты жаңбыр жаууына байланысты еңісті ағынды сулардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 09 Наурыз, 2022 17:38
Талқылау