Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұман, көктайғақ: Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

26 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Кей жерлерде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м / с жетеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда.  Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысында түнде және таңертең кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м / с жетеді. Шымкентте 26 наурызда түнде және таңертең қатты жаңбыр, кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші түнде 15-20 м/с жетеді, Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.


Қазақстан қалалары үшін 2021 жылға арналған ораза кестесі жарияланды

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Наурыз, 2021 16:55
Талқылау