Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райы болжамын айтты. Бірқатар өңірлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаңтар айының ортасында: Қазақстанда қатты аяздың үш толқыны күтіледіҚаңтар айының ортасында: Қазақстанда қатты аяздың үш толқыны күтіледі

Алматыда 25-28 наурыз аралығында жауын-шашынның көп түсуіне, тау беткейлерінде қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы өзендерінде қар көшкіні жүру мүмкін екенін ескертті.

Мамандар қар көшкіне байланысты тік қарлы беткейлерге бармауға кеңес береді. Тауда сақ болыңыз.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде синоптиктер аздаған боран, көктайғақ болады деп болжайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20, күндіз 25 м/с-ке жетеді.

Петропавлда күндіз бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Қарағанды ​​облысының орталығында түнде және таңертең тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қарлы боран соғады.

Маңғыстау облысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Ақтауда күндіз кей жерде жауын-шашынды болады. Күндіз тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с-ке жетеді.

Солтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында тұман түседі.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 24 Наурыз, 2022 18:26
Талқылау