Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы сайлады
Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы жаңа хатшыны сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұ туралы орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ОСК отырысы өтіп, онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды", - делінген хабарламада.
Мұхтар Ерман 30 наурызда парламент мәжілісінің қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған Анастасия Щегорцова ОСК мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”