Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның орнықтылық қоры 80 млрд теңге сомасына облигацияларды өтеді

Қыркүйек айында Қазақстанның орнықтылық қоры (ҚОҚ) инвесторларға облигациялар бойынша 80 млрд теңгеге негізгі қарыз бен 9,65 млрд теңге сыйақыны уақытылы өтеді.

50 млрд теңгеге KFUSb2 облигациялары өтелді және олар бойынша инвесторларға төленген купон сомасы 4,25 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге 2,85 млрд теңге сыйақымен бірге 30 млрд теңге сомасына KFUSb30 облигациялары да уақытылы төленді. Одан бөлек KFUSb3 облигациялары бойынша инвесторларға 2,55 млрд теңгеге сыйақы аударылды.

Қазақстанның орнықтылық қорының биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Олар «агенттік» статусына ие. Қазақстан қор биржасында бұл бағалы қағаздар «корпоративтік облигациялар» секторында ұсынылған. Қазір аталған сектордағы облигациялар орналастырудың оннан сегізі Қазақстанның орнықтылық қорына тиесілі.

Қазақстан орнықтылық қорының облигацияларын нарықтағы жеке ойыншылар – екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары, брокерлік ұйымдар және жеке тұлғалар ұстайды.

Эмитенттің кредиттік рейтингі Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша «BBB»/болжам «Тұрақты».

Талқылау