Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанның өркендеуіне мүмкіндік жасалады": Сарапшылар президент жолдауына қатысты пікір білдірді

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Жолдауға қатысты пікір білдірген сарапшылар мемлекет бастамасын қолдайтындарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Профессор Ақылбек Жұмагелдиев жолдаудағы назар аударатын мәселелердің бірі мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының дамуына көңіл бөлу екенін айтты. 

“Жолдаудағы маған аса қатты ұнағаны, қатты бір көңіл бөлетіні – мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының дамуына көңіл бөлу болды. Бұл жердегі басты мәселелердің бірі де сол, мал шаруашылығын дамытып жатырмыз. Сонымен қатар енді оны тек шикізат күйінде ғана пайдаланып қоймай, ары қарай өнімге айналдырсақ. Өнімнің сапасы маңызды. Шет елдер ашылғалы бері ол жақтан көп өнім келіп жатыр. Мысалы, өзіміздің өнімнің көпшілігі бәсекеге шыдас бермей жатыр. Өнімнің сапасын жақсартатын да уақыт келді.  Қанша уақыт болды өнімді өндіріп жатырмыз. Оған жаңа инновациялық құрылғылар мен жаңа әдістерді қолданып жатсақ , нұр үстіне нұр болып, одан да сапалы өнім алатынымызға сенімім мол”, – деді ҚАЗҰАЗУ профессоры Ақылбек Жұмагелдиев.

ҚАЗҰАЗУ Мал шаруашылығы халықаралық зерттеу орталығының директоры Әбдірахмен Омбаев президент айтқан азық қауіпсіздігінің шын мәнінде де әлемдік деңгейдегі мәселе екенін атап өтті. 

“Азық қауіпсіздігі туралы Президент үлкен деңгейде айтты. Азық қауіпсіздігі бұл шын мәнінде де әлемдік деңгейдегі мәселе. Бұл мәселе Қазақстанға да тән мәселе. Екінші үлкен мәселе бұл ет, сүт мәселесі. Бұл да азық-түліктің ең қажетті түрлері болып есептеледі. Осы мәселеге келгенде мені көп ойландырады. Өйткені қазір біздің өз қолымызда бар малмен ет мәселесі бойынша өзімізді 100 пайызға қамтамасыз ете аламыз. Ал сүт мәселесі болғанда 70-80 пайызға қамтамасыз ете алмыз. Осы мәселеге біздің өзіміздің ғалымдардың зерттеулерін бағыттауымыз керек. Сонымен қатар біздің ата кәсібіміз қазақтың төрт түлік малын өсіру жолдарын ары қарай жалғастырып, осы бағытта еңбек етуіміз керек. Міне, Президент айтқан мәселесінің төңірегінде мен осы нәрсеге қатты мән бердім. Сондықтан мен Президенттің жолдауын қолдаймын. Көптеген ұсыныстардың ішінде Қазақстанның болашағы өркендеуіне  мүмкінідік жасалады деп ойлаймын”, – деді  Әбдірахмен Омбаев.

Талқылау