Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жарықтың берілуі шектелмек

Қазақстанның оңтүстік өңірлерде жарық шектеумен берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың айтуынша, бірнеше облысты электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған Жамбыл ГРЭС-ке судың аз келуіне байланысты энергия өндіру көлемі азайған.

Халықты қара түнекте қалдырмас үшін энергетика министрлігі көрші қырғыз елімен арнайы келіссөздер жүргізіп жатыр. Өйткені "Шу-Талас" каналына келетін судың тапшылығынан Жамбыл су электр стансасындағы 6 блоктың тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Бұдан алынатын энергия көлемі 120 мегаваттан аспайды. Сондықтан вице-министр егер "Жамбыл ГРЭС" толық тоқтаған жағдайда KEGOC тұтынушыларға тиісті шектеулерді енгізуге арналған алгоритм әзірлеп қойғанын айтты.

“Энергетика министрлігі жұмыс істеп жатыр. Қазан және қараша айларында екі және үш блокты режимде ұстау көзделіп отыр. Су азайған жағдайда электр энергия шығыны көбеймесе, тиісті кейбір уақытта, мезгілде оңтүстік өңірде электр энергияның тапшылығы туындайды. Осыны болдырмас үшін тиісті жұмыс атқаратын боламыз”, – деді энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.
 

Талқылау