Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігіне аяз түседі

Қазгидрометтің синоптиктері 29 қыркүйек-1 қазандағы ауа райын туралы деректерді жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Метеорологтардың айтуынша, қазан айының басында оңтүстікте аяз болады деп болжанып отыр.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс антициклон анықтайды. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон шұңқыры әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын - шашын болады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, төтенше оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.

Талқылау