Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркелген.
Эпицентр Ауғанстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.
Жер дүмпуі Түркістан және Жамбыл облыстарында сезілген:
- Түркістан облысы – 2 балл;
- Шымкент қаласы - 2 балл;
- Жамбыл облысы - 2 балл.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын, 31 наурызда Қазақстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан. Жер дүмпуі Жаркент, Текелі қалаларында және Жансүгіров ауылында сезілген.