Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: Шахтада жұмысшы тас үйіндісінің астында қалды

Жамбыл облысындағы "АК Алтыналмас" АҚ тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жынысы опырылды. Үйінділер астында бір жұмысшы қалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Regnum.ru / DariuszSankowski

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

"Тастардың жылжуы мен қиын географиялық жағдайға байланысты опырылған аймаққа кіру айтарлықтай қиындап жатыр. Компания апатты тергеуді бастады және үйінділер астында қалған қызметкерді табу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады", – делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін жұмыс тобы құрылды. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі "Востокцветмет" ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапқаны туралы хабарлағанын жаздық. Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады 

Талқылау