Қазақстанның оңтүстігінде алғаш рет банан өсіре бастады
Түркістан облысында жылыжайларда банан өсіріле бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркиялық GenGroup Qazaqstan ауданы 5,3 гектар болатын жылыжай кешенін салған. Мұнда өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріледі.
"Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді. Жақында жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі", – делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Жобаны жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде 4 миллион доллар құйылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”