Мақтааралда 1300 отбасы Әлішер Усмановтың қорынан мың доллардан алды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен 1300-ден астам отбасы Әлішер Усмановтың қорынан өтемақы төлемдерін алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының бастығы Әбдірахман Тасыбаев "Нұр Отан" партиясы Түркістан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен болған тікелей эфирде айтты.

"Әлішер Усмановтың қорынан 1000 АҚШ долларын Мақтаарал ауданының екі ауылдық округінің он үш елді мекенінің тұрғындары алды. Атап айтқанда, Еңбекші ауылдық округінде: Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т. Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай ауылдары, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінде: Нұрлы Жол, Жеңіс, Фирдауси, Достық, Өргебас, Арайлы Ақжол ауылдары", - деді Әбдірахман Тасыбаев.

Ол су тасқынынан зардап шеккендерді ресімдеу және көмек беру кезінде артық құжаттарды талап етпейтінін атап өтті. Оларға тек мекенжай сертификатын немесе ауыл тұрғындары екенін растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

Әлішер Усманов Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 202 отбасының (30 420 адам) шотына 5 миллион 202 мың АҚШ долларын аударды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мақтарал ауданындағы Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдауси, Достық, Өргебас ауылдарында су басқан әрбір отбасы мемлекеттік резервтен 100 мың теңгеден алады. Бұл мақсатқа үкімет 650 миллион теңге бөлді. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, аталған төлемді 6 128 тұрғын алады.

Бірінші мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, алты адам қаза болды.

Қазақстанның оңтүстігінде бірнеше ауыл зардап шекті. 1 030 үйді, мектептерді, балабақшаларды, медициналық объектілерді су басты. Елді мекендерден 31 мыңнан астам адам көшірілді. Түркістан облысында техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр