Қазақстанның өңірлерінде газ тапшылығы болуы мүмкін: Энергетика министрлігі желіде тараған ақпаратқа байланысты пікір білдірді
Фото: Оренбург газ өңдеу зауытының сайтынан
Әлеуметтік желілерде Астана мен Қазақстанның басқа өңірлерінде газ тапшылығы болуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Энергетика министрлігі бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік Орынбор газ өңдеу зауытының жұмысының уақытша тоқтауына байланысты елде газ беруде іркілістер болады деген мәліметті тағы да жоққа шығарды. 19 қазан күні Орынбор ГӨЗ-де ұшқышсыз ұшатын аппараттың шабуылы салдарынан апатты жағдай орын алып, зауытқа шикізат қабылдау уақытша тоқтатылған болатын.
"Еліміздің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ үздіксіз, толық көлемде және штаттық режимде жеткізілуде. Газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Жеткізілмеген көлемдер жедел түрде қолданыстағы келісімшарттар аясында өтелуде. Сондықтан ішкі нарықта, соның ішінде елорданың жылу электр орталықтары үшін газ тапшылығы жоқ және болмайды. Алдын ала серіктестерден түскен мәлімет бойынша, жақын арада Орынбор ГӨЗ-де газ қабылдау қайта басталады", – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
-
Олигархтар Клебанов пен Каннан Петропавл жылу электр орталығын тартып алмақ
-
Автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғанға айыппұл: Мәжіліс депутаты шешілмеген мәселені еске салды
Бұған дейін Орынбор зауытының газ қабылдамай жатқанына байланысты Қарашығанақ кен орнының операторы газ өндіру көлемін азайтқаны да хабарланған еді.
"Бұл шара Қазақстан ішкі нарығына газ жеткізу міндеттемелерін орындауға әсер етпейді. Зауыттың қалыпты жұмысы қалпына келген соң, өндіріс көлемі қайтадан жоспарлы деңгейге жетеді", – деп нақтылады министрлік.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
