Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 наурызда Қазақстанның он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с.

14 наурызда Абай облысы, Семей қаласында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен және Риддер қалаларында да қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында шаңды дауыл соғады. Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы күндіз -2+3, облыстың оңтүстігінде +10+15. Ақтөбе қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы +1+3.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда қаласында да түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл соғады. Ақтауда түнде тұман күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0 +5 жылы болады деп күтілуде. Петропавлда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +2+4 градус шамасында.

Талқылау