Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның нөмер бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Гиннес Рекордтар кітабына енді

Фото:WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің (WTA) бесінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи межені бағындырды. Ол бір турнирден тапқан табысы бойынша Гиннестің  Рекордтар кітабына ресми түрде енді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл мәліметті ұйымның баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина маусымның шешуі WTA Finals турнирінде Рыбакина матчта жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда ол Беларусь елінің өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы ойсырата жеңіп, чемпион атанды. Осылайша ол бір аптада 5,235 миллион доллор пайда тапты. Яғни шамамен 2,7 млрд теңгені құрайды. Бұл әйелдер теннисінде бір жарыс үшін берілген ең қомақты қаржы. Бұрын-соңды мұндай рекордтық көрсеткіш Арина Соболенкаға тиесілі еді. Елена Рыбакинаның бұл жеңісі оның 2022 жылғы Уимблдон триумфынан кейінгі ірі тарихи титулы. Еске салсақ, Еленаның бұл жетістігінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлық шығарды. Сонымен қатар Рыбакина Халықаралық әйелдер теннис рейтингіндегі (WTA ) нәтижесін жақсартып, бесінші орынға көтерілді.

 

Айнұр Мұхади
Жұма, 14 Қараша, 2025 17:03
Талқылау