Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік ондыққа қайта енді

Қазақстанның нөмер бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік 10-қа қайта ендіФото: Getty Images

Қазақстанның нөмер бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік ондыққа қайта енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтинг тізімдерін жариялады.

Аталмыш тізімде жекелей сында үздік нәтиже көрсеткен қазақстанның нөмер бірінші ракеткасы Елена Рыбакина оныншы орыннан, тоғызынша көтерілді.

Үздіктер көшін Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко бастаса, 2-орынға Ига Швёнтек (Польша) жайғасқан.Үздік үштікті Кори  Гауфф (АҚШ) түйіндеп тұр.

Ал еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 63-орынды сақтап қалды.

Бұған қоса бұрын Ұлттық құрама сапында ойнаған Зарина Диас рейтингтегі нәтижесі құлдырап, 262-орынға түсті. Сонымен қатар жас теннисші Жібек Құламбаева 21 саты төмендеп, 340-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытай астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастағанын жазғанбыз. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 19:12
Талқылау