Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту ережелері өзгерді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шектеу шараларын енгізуді көздейтін қаулыға қол қойды.  Қарардың мәтіні Денсаулық сақтау министрлігінің санитария-эпидемиология бақылау комитетінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында  келген барлық адамдар (азаматтардың бірқатар санаттарын қоспағанда)  термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде нәтижесін берген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы  ұсынуға міндетті. Алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама ұсынылмайды.

Анықтама ұсынған, дене температурасы қалыпты шектегі келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат және нұсқаулық алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне дейін жол жүруді жалғастырады.

Анықтаманың болуына қарамастан, дене температурасы жоғары келген адамдар инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады. 
Келген Қазақстан азаматтары анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады

COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларына, ҚР сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша ел аумағына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелеріне, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; локомотив бригадаларының мүшелеріне,  теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға бұл талап міндеттелмейді.

Қаулы 2020 жылғы 10 қараша сағат 00-ден бастап күшіне енді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр