Қазақстанның мемлекеттік қарызы 33 триллион 534 миллиард теңгеге жетті

Фото: Stan.kz
2025 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 33 триллион 534,3 миллиард теңге, яғни 64 440,6 миллион долларға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнім өсімінің 22,2%-ы болды. Мемлекеттік қарыздың ішінде, үкіметтік қарыз 32 191,7 миллиард теңге (61 860,7 миллион доллар) немесе мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің 96,0%-ға тең.
Үкіметтік қарыздың құрылымы:
- Ішкі қарыз – 23 794,0 миллиард теңге (73,9%),
- Сыртқы қарыз – 8 397,7 миллиард теңге (26,1%).
Жергілікті атқарушы органдардың өзге несие берушілер алдындағы қарыз портфелі шамамен 1 342,5 миллиард теңге (2 579,9 миллион доллар), мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің 4,0%-ын құрады.
Бұған дейін 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,8 триллион теңге болған еді. Көрсеткіш Жалпы ішкі өнімнің 23,7 пайызы болды.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті