Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны төмендеуде
Қазақстанда өткен тәулікте 4 332 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша бір күн бұрын 5 993 науқас тіркелген болатын. Өткен тәулікте 4 332 науқас тіркелді.
Өңірлердегі статистика:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 376
- Алматы қаласы – 1309
- Шымкент қаласы – 137
- Ақмола облысы – 259
- Ақтөбе облысы – 123
- Алматы облысы – 359
- Атырау облысы – 126
- Шығыс Қазақстан облысы – 166
- Жамбыл облысы – 34
- Батыс Қазақстан облысы – 46
- Қарағанды облысы – 551
- Қостанай облысы – 245
- Қызылорда облысы – 65
- Маңғыстау облысы – 109
- Павлодар облысы – 296
- Солтүстік Қазақстан облысы – 76
- Түркістан облысы – 45
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 789 471.
Ал өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 104 науқас қайтыс болды.
29 тамызда коронавирустан 82, пневмониядан 22 адам көз жұмған.
Талқылау