Қазақстанда әскерге шақырылатындардың санын көбейту жоспарланып отыр
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметкерлер санын 40 180 адамға жеткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Қаулы жобасы "Ашық нормативтік құқықтық актілердің” интернет-порталында жариялады. Ол 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
"2024 жылы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 40 148 ер азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету керек", – делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін әскери қызметке 39 180 адам шақырылған еді. Негіздемеде олар "Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды жинақтау үшін" мерзімді әскери қызметшілер санын көбейтуді көздеп отырғаны айтылған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі