Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Қытаймен шекарасында жер сілкінісі болды

Қазақстанның Қытаймен шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2 және MPV магнитудасы 4,7 болды. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 15 шақырым.
 

Талқылау