Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кейбір аймақтарында күн жылынады

6-8 сәуірде Қазақстанның кейбір өңірлеріне жазғы жылу келеді, басқаларында салқын ауа райы мен жауын-шашын сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктерінің мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстанда циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде көктайғақ, найзағай және бұршақ күтіледі.

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы қалыптасады.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, бірақ күн жылы болады.

Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Сәуір, 2021 11:11
Талқылау