AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қазіргі парламенті таратылмайды – Әділет вице-министрі

Парламенттің жетінші шақырылымы таратылмайды. Қазіргі құрам 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін жұмыс істейді. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр Конституцияға енгізілген түзетулерден кейін парламент палаталарын құру туралы нормалар 8-ші шақырылым депутаттарын сайлаудан бастап қолданылатынын айтты.

"Мысалы журналистер бізден Конституциялық реформалардан кейін 7-шақырылым таратыла ма деп сұрап жатыр. Қазір бізде 7-ші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір 7-шақырылымның таралуы бойынша мәселе қойылып отырған жоқ", – деді Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Әділет вице-министрі: Назарбаевтың жақын туыстарын енді жауапкершілікке тартуға болады


5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтті. Қазақстандықтардың басым бөлігі түзетулерді қолдап дауыс берді.

Ата заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, сенаттағы президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Сондай-ақ депутатты кері қайтару жүйесі енгізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр