Қазақстанның қай өңірлерінде ұрлық көп орын алатыны айтылды
Бас прокуратура Қазақстан қалаларындағы ұрлық фактілері бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay
Қадағалаушы органның мәліметінше, елімізде 2023 жылдың сегіз айында ұрлық саны азайған. 188-бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар үштен біріне дерлік азайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 42 752 оқиғамен салыстырғанда биыл 30 713 оқиға тіркелді.
Аймақтар бойынша ұрлықтың басым бөлігі Алматы қаласында орын алады. Екінші орында тұрған Астанамен салыстырғанда оңтүстік астанада мұндай қылмыс екі есе көп.
Алматы – 7154;
Астана – 3541;
Алматы облысы – 2197;
Қарағанды облысы – 2114;
Қостанай облысы – 1519;
Ақтөбе облысы – 1413;
Шымкент – 1447.
Ұялы телефон ұрлығы 11 пайызға азайған. Қазақстан бойынша барлығы 7 967 осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 8 984 болған. Негізгі бөлігі Алматыда орын алған.
Алматы – 2287;
Астана – 844;
Алматы облысы – 576;
Қарағанды облысы – 527;
Ақтөбе облысы – 424;
Абай ауданы – 431;
Шымкент – 467.
Көлік ұрлығының да төмендегені байқалады. Барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға азайған.
Тұрғын үй тонау деректерінің де азайғаны байқалады. Мұндай қылмыстар 18 пайызға төмендеген, яғни былтыр 3303 оқиға болса, биыл 2707.
Мал ұрлығы бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Мұндай қылмыстар 18 пайызға азайған. Мал ұрлығының басым бөлігі Алматы облысында тіркелді:
Алматы облысы – 172;
Батыс Қазақстан облысы – 124;
Түркістан облысы – 124;
Жетісу облысы – 93;
Жамбыл облысы – 68;
Абай ауданы – 66.